Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқаш көлінде балықшылар мінген көлік батып кетті (видео)

Опубликовано:

Көл
Көрнекі фото: pxhere.com

Балқаш көлінде балықшылар мінген автокөлік мұз астына түсіп кетті. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшасында хабарланды.

Ведомствоның дерегінше, 28 желтоқсанда екі ер адам Балқаш көліне балық аулау үшін "УАЗ" автокөлігімен барған.

Мұз қатқан көлдің үстімен 5 шақырымдай жүріп өткен кезде көліктің алдыңғы жағы мұзда пайда болған жарыққа батып кеткен.

Бұл аймақта ұялы байланыс болмағандықтан, 1989 жылы туған балықшылардың бірі көмек шақыру үшін жаяу кеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысы ТЖ департаментіне көмек туралы қоңырау 29 желтоқсан күні сағат 09:22-де түскен.

Сарқан ауданының құтқарушылары көмекке шақырған балықшымен бірге келген кезде көлде қалған 1979 жылы туған екінші балықшы табылмапты.

Департаменттің мәліметінше, үш сағаттан кейін ер адам аман-есен табылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы Еркінқала ауылы маңындағы "Рыбоходный" каналында жүк тиегіш көлік жарылған мұздың астына түсіп кеткен еді.

Сонымен қатар Қызылорда облысы Қамбаш көлінде жеті адам отырған "УАЗ" маркалы автокөлігі мұз жарылып, батып кеткенін жазған едік.

Салдарынан төрт адам қайтыс болып, үш адам аман қалған болатын.

Сонымен қатар Кіші Алматы өзенінде ойнап жүрген төрт және алты жасар екі баланың мұз астына түсіп кетіп, көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматы облыстық ТЖД ақпарынша оқиға Іле ауданындағы Түймебаев ауылында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891893-balkas-klinde-balyksylar-mingen-klik-batyp-ketti-video/

pixel