Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың зәресін алған 2020 жылғы бес жалған ақпаратты білесіз бе

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

2020 жыл Қазақстан үшін де, бүкіл әлем үшін де ерекше жыл болды. Кейбір желі қолданушылары лайк пен "прсмотр" үшін фейк ақпараттарды ойдан шығарып, көпшілікті зәресін алды.Солардың ішінен StopFake.kz сайты ел тұрғындарын алаңдатқан ең танымал бес фейк жаңалықты іріктеп алды.

Бірінші орын: Карантиндік шараларды қатаңдату

Қазақстанда карантиннің енгізілуі ел тұрғындары үшін үлкен сынақ болды және бұл барлығына да әсер етті. Сондықтан санитарлық талаптардың өзгеруі, жаңа шектеулер мен жеңілдіктер туралы жаңалықтардың өзекті болғаны ақиқат. Осы тақырыптағы фейк жаңалықтар жүйелі түрде жария етілді. Көбінесе қазақстандықтарды жаңа, неғұрлым қатаң шектеулермен, жекелеген өңірлердегі жаппай локдаундармен және болашақта санитарлық нормаларды қатаңдату болжамдары қорқытты.

Екінші орын: ТЖ кезіндегі төлемдер

Қазақстанда COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін карантиндік шектеулерге байланысты жұмысынан айрылғандарда 42 500 теңгеден төлене бастады.

Мемлекеттен "ережелерді айналып өтіп" ақша алуға ниетті және алаяқтар үшін азаматтардың сенімінен пайда табу мүмкіндігі өз нәтижесін берді – жәрдемақы алудың стандартты емес және қосымша жолдары туралы фейктер әлеуметтік желіде қаптады.

Алаяқтар белгілі банктердің атынан пайдаланушыларға 42 500 теңге ұсынып, төлем тағайындау үшін азаматтардың дербес деректерін Teleram-бот арқылы жинады.

Жазылушылар санын көбейтпек болған блогерлер "тағайындаудан автоматты түрде бас тарту" және төлемді міндетті түрде қайтару, тіпті әрбір қазақстандыққа "карантин үшін" 75 000 теңге төленетіні туралы хабарламалар жариялады.

Үшінші орын: Ұшақтар қазақстандықтарды химиялық заттармен улайды

Коронавирус індеті басталғалы Қазақстан халқының арасында химтрейлдер теориясы кеңінен тарады – бұл ескі аңызға сәйкес, ұшақтар елді мекендердің үстінен улы химикаттар шашады, бұл ауа райын бақылауға, өлім-жітімді арттыруға және адамдарды құлдықта ұстауға мүмкіндік береді. "У шашатын" ұшақтар туралы хабарламалар StopFake.kz сайтына еліміздің түкпір-түкпірінен түскен. Бұл теорияны "дәлелдейтін" суреттер мен видеоларда әдетте ұшақтардан кейін қалатын қарапайым конденсациялық іздер, өрт сөндіргіш ұшақтар шашқан жалынды басатын қоспалар немесе ерекше пішіндегі бұлттар бейнеленген. Сонымен қатар, фото мен видеоның басым бөлігі Қазақстанда түсірілмегені анықталды.

Төртінші орын: Зейнеткерлік жастың өзгеруі

Зейнеткерлікке шығу жасы – ғаламторда кеңінен талқыланған мәселелердің бірі. Қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын төмендету мен ұлғайту туралы фейктер желіде тұрақты түрде жарияланып отырды. Мұндай өзгерістер енгізу туралы шешім еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде және денсаулық сақтау министрі қабылдады деп жатты. Алайда, бұл қауесеттер расталған жоқ.

Бесінші орын: Қашықтан білім беру форматын ұзарту

Қашықтан білім беруге көшу көптеген оқушылар мен олардың ата-аналары үшін қолайсыз болды. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде әрдайым қызу пікірталас тудырады, ал білім және ғылым министрлігінің жаңалықтары санаулы сағаттарда-ақ басты жаңалықтарға айналып отырды. Айта кетерлік үрдіс, кейбір блогерлер «отқа май құйып», қашықтан оқыту 2022 жылға дейін ұзартылды деген жалған ақпарат таратты. Бірақ оқушылардың мектепке оралуы тек елдегі эпидемиологиялық жағдайға ғана байланысты екені айтылып, бұл қауесеттер бірден жоққа шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891941-kazakstandyktardy-zresin-algan-2020-zylgy-bes-zalgan-akparatty-bilesiz-be/

pixel