RU

Түркістан облысында темір қоршауға қысылып қалған 4 жасар балақай құтқарылды

Полицейлер төрт жасар баланы құтқарып қалды
Оқиға орны. Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылында темір қоршауға қысылып қалған төрт жасар балақайды полицейлер құтқарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауыша, баланың анасы дүкенге барамын деп үйінен шығып кеткен. Оның артынша баласы да жүгіріп шығып, құрылыс заттарын сататын дүкен қоршауынан өтпек болған. Алайда оның басы сыймай кептеліп қалған.

Сол мезетте осы маңнан өтіп бара жатқан Сайрам АПБ-нің патрульдік полиция қызметкерлері баланы тез арада шығарып алып, үйіне апарған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, баланың ата-анасына сақ болу керектігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстар жүргізілген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарды баларына сақ болуға шақырды.

Еске сала кетсек, Түркістан облысыың Ордабасы ауданында полицейлер адасып қалған 3 жасар бүлдіршінді тауып алғанын жазған едік. Кішкентай қыз аудан орталығы Темірлан ауылындағы саябақтардың бірінен табылған.

Айта кетейік, Түркістан облысының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 16 жастағы қызды Шымкент көшелерінен тапқан болатын.

Белгілі болғандай, жасөспірім қыз ата-анасына таныс жігітпен басқа қалада серуендеуге тыйым салғанына ренжіп, ешкімге айтпай, мегаполиске кетіп қалған.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары қызды үйге әкеліп, ата-анасына табыстаған. Өз кезегінде жасөспірімінің ата-анасы қызымен аман-есен қауыштырған полция қызметкерлеріне алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892009-trkistan-oblysynda-temir-korsauga-kysylyp-kalgan-4-zasar-balakaj-ktkaryldy/