RU

Ордабасылық полицейлер адасып қалған 3 жасар қызды тауып, үйіне қайтарды

полиция
Фото: Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысыың Ордабасы ауданында полицейлер адасып қалған 3 жасар бүлдіршінді тауып алды. Кішкентай қыз аудан орталығы Темірлан ауылындағы саябақтардың бірінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршін кешкі сағат 21:30-да қыдырып жүрген. Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары адасып қалған кішкентай қызды сол сәтте байқап қалады

Тәртіп сақшылары Тимур Манабаев пен Еламан Спабеков оны полиция бөліміне жеткізіп, ата-анасын іздеуге кіріскен. Олар қыздан қайда тұратынын сұрауға тырысқанымен нақты жауап ала алмайды.

Содан соң полиция жаяу жүргіншілер мен дүкен иелерінің және жол бойындағы тамақтандыру орындарын тексеріп шығып, жақын маңдағы полиция пунктеріне хабар берген.

«Жарты сағаттан кейін полиция қызметкерлеріне жоғалған қыздың атасы келген. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Атасы немерелерімен бірге «Арбат» саябағында серуендеп жүріп, баладан көз жазып қалғанын айтқан. Учаскелік инспекторлар табылған 3 жасар қызды аман-есен атасына қайтарды. Қария жоғалған немересін жедел тауып алған тәртіп сақшыларына үлкен алғысын білдірді», - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891981-ordabasylyk-policejler-adasyp-kalgan-3-zasar-kyzdy-tauyp-jine-kajtardy/