Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жаңа жыл түні зейнеткердің бетіне отшашу тиіп, көзін күйдіріп алған

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: pxhere.com

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева жаңа жыл түні өңір тұрғындары қандай жарақаттар алғанын хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпарынша, Павлодар облысының Розовка ауылында 1 қаңтарда сағат 00.19-да мерекелік отшашудың ұшқындары 64 жастағы әйелдің бетіне тиген.

Ол "оң көздің зақымдануы, жеңіл дәрежедегі термиялық күйік" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты.

Сондай-ақ 25 жастағы павлодарлық 31 желтоқсан күні сағат 07.42-де облыс орталығының бірінші қалалық ауруханасына жеткізілді, ішімдік ішкен жігіттің екі аяғын бірінші дәрежелі үсік шалған.

Сол күні сағат 19.26-да 58 жастағы ер адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Ол да мас болған. Оның сол және оң қол саусақтарын бірінші-екінші дәрежелі үсік шалған.  

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда отшашулар мен петарда қолданғаны үшін қандай айыппұл салынуы мүмкін екенін жазған едік.

Айта кеткен жөн, астаналықтар да жаңа жылдық отшашуды тамашалай алмады. Биыл елорда билігі одан бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңажылдық мерекеге орай отшашу болмайтыны белгілі болды. Қалада қысқы мейрамның сән-салтанатын аша түсетін жаңажылдық безендірулерге де қаражат бөлінбеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892013-pavlodar-oblysynda-zaa-zyl-tni-zejnetkerdi-betine-otsasu-tiip-kzin-kjdirip-algan/

pixel