jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Қазақстанның үш өңірінде 40 градус аяз болады

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

2 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. ҚазАқпарат ұсынған ақпарға сәйкес, Оралда ертең түнде және таңертең тұман күтіледі. 2-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте 2-4 қаңтарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Түркістан қаласында 2-4 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады. 2 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 2-3 қаңтарда түнде Ақмола облысында минус 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады.

Сонымен қатар, 2-3 қаңтарда Павлодар облысында да 35-40 градус аяз болып, кей жерлерде 43 градусқа жетуі мүмкін. Қарағанды облысында да 32-37, кей жерлерінде 42 градусқа дейін аяз күтіледі.

Айта кетейік, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева жаңа жыл түні өңір тұрғындары қандай жарақаттар алғанын хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпарынша, Павлодар облысының Розовка ауылында 1 қаңтарда сағат 00.19-да мерекелік отшашудың ұшқындары 64 жастағы әйелдің бетіне тиген. Ол "оң көздің зақымдануы, жеңіл дәрежедегі термиялық күйік" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты.

Сондай-ақ 25 жастағы павлодарлық 31 желтоқсан күні сағат 07.42-де облыс орталығының бірінші қалалық ауруханасына жеткізілді, ішімдік ішкен жігіттің екі аяғын бірінші дәрежелі үсік шалған. Сол күні сағат 19.26-да 58 жастағы ер адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Ол да мас болған. Оның сол және оң қол саусақтарын бірінші-екінші дәрежелі үсік шалған.

Алдағы күндері Қазақстанның үш өңірінде 40 градус аяз болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.