jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Дубайдан ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылдың 31 желтоқсанында Алматы халықаралық әуежайына ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы расталып шықты деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналы.

2021 жылғы 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және БАӘ 7 халықаралық әуе рейсі келді.

811 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 472 жолаушы, анықтамамен - 363, анықтамасыз - 109;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 339 жолаушы, анықтамамен - 298; анықтамасыз - 41.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 747 адам коронавирус жұқтырды. Қауіпті індетке шалдыққан аймақтар бойынша көш басында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік шаһарда коронавирус инфекциясы бір тәулік ішінде 118 адамнан анықталған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі КВИ белгілері бар пневмония жағдайына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Өткен тәулікте республика аймағында қауіпті коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан он адам көз жұмған.

Дубайдан ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.