Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы он адам қайтыс болды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: today.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан болған өлім оқиғалары мен КВИ белгілері бар пневмония жағдайына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Өткен тәулікте COVID-19 белгісі бар дерт 99 қазақстандықтан расталып шыққан деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

2020 жылдың 31 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес, коронавирус инфекция белгілері бар пневмонияға 99 адам шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, ауыр дерттен 68 адам емделіп шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-каналының хабарлауынша, 2 қаңтарда короновирус инфекциясынан (10 312 КВИ+ және 12 199 КВИ-) 22 511 адам емделуде. Олардың ішінде 4 846 пациент стационарда, 17 665 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 262 адамның жағдайы ауыр; • 55 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892055-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniadan-tagy-on-adam-kajtys-boldy/

pixel