Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Ресейден үйлеріне қайта алмайды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейдің шекаралық өңірлері арасындағы жолдардың барлығы ауа райының қолайсыздығы салдарынан жабылып қалды. Бұл туралы Ресей федерациясының төтенше жағдай министрлігі хабарлаған деп жазады Петропавловск.news.

Омск облысының көлік жүргізушілеріне қос ел арасындағы шекаралардың жабық екені жөнінде алдын ала ескерткен. Бұл шектеу елге кіру мен шығуға да тікелей қатысты. Қазіргі таңда, шетелде жүрген қазақстандықтар елге орала алмайды.

Ресейлік ТЖМ баспасөз қызмтенінің ақпаратынша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан екінші қаңтарда сағат 17.00-ден бастап, Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтаталды. Сол себепті, құтқарушылар жолға шығудан уақытша бас тартуға кеңес береді.

Анықталғандай, синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері аяқ тек күшейе түспек.

Еске сала кетейік, күні кеше ғана Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяз салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892095-kazakstandyktar-resejden-jlerine-kajta-almajdy/

pixel