jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

СҚО-да қатты аяз салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды

Көлік жүріп келе жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстанда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағыттағы автокөлік қозғалысына шектеу қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ СҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттінің мәлімдеуінше, өңірдегі қатты аяз салдарынан барлық бағыттағы тас жолдарды жабу шешімі қабылданған. Облыс тұрғындарына таза ауаға қажеттілік болмаған жағдайда барынша шықпауға және елді мекендерден тыс жерлерге бармауға кеңес берілді. Сонымен қатар, ТЖД өкілдері жергілікті халыққа балаларына ие болуды ескертті.

"Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз. Төтенше жағдайға тап болып, сізге қауіп төнген жағдай орын алса дереу хабарласыңыз" , - деді ведомствода.

Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстанның үш өңірінде 40 градус аяз болмақ. Еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

2-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте 2-4 қаңтарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Түркістан қаласында 2-4 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады. 2 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 2-3 қаңтарда түнде Ақмола облысында минус 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады.

Сонымен қатар, 2-3 қаңтарда Павлодар облысында да 35-40 градус аяз болып, кей жерлерде 43 градусқа жетуі мүмкін. Қарағанды облысында да 32-37, кей жерлерінде 42 градусқа дейін аяз күтіледі.

СҚО-да қатты аяз салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.