jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алексей Цой: Колледж бен ЖОО-ның бірінші курс студенттері штаттық режимде оқиды

студентка на уроке
Көрнекі фото: pixabay.com

ІIІ тоқсаннан бастап бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) аралас оқытуға көшеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде айтылды.

"Пандемия кезінде еліміздегі оқу орындары оқу процесін қайта қарады. Өздеріңіз білесіздер, оқу жылы басталғалы балалар қашықтан білім алуда, тек 1-5 сыныптар мен 180 оқушысы бар мектептер офлайн режимде оқыды, ал ІІ тоқсанда 300 оқушысы бар мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысты, 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныпта оқуға рұқсат етілді", - деп келтіреді ҚР денсаулық сақтау министрінің сөзін ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, ол ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сыныптарға (9, 11 (12) сыныптар) аралас оқытуға көшетінін айтты.

"Ал колледж бен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне оқу жылының екінші семестрінен бастап штаттық оқытуға рұқсат етіледі. Оқу жылының басынан 3 972 оқушы КВИ жұқтырды, оның 1047-і кезекші сыныптарда оқитын бала, бұл офлайн режимде білім алушылардың жалпы санының 0,1% (840 623 бала кезекші сыныптарда оқиды), 2925 қашықтықтан білім алатын бала (0,1%, 2 563 995 бала қашықтан оқиды)", - дейді ол.

Еске салайық, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны не себепті әлі қабылдамай жүргені туралы айтты.

Алексей Цой: Колледж бен ЖОО-ның бірінші курс студенттері штаттық режимде оқиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.