Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондонда ота жасатпақ болған Армения президенті коронавирустың жаңа түрін жұқтырды

Опубликовано:

Армен Саркисян
Фото: official site of the President of RA

Лондонда ота жасатпақ болған Армения президенті коронавирустың жаңа түрін жұқтырып алды.

Армен Саркисян 3 қаңтар күні Лондонда аяғына ота жасатқан. Ота сәтті өткенімен, президенттен коронавирус жаңа штаммының белгілері анықталған.

Ал тест оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Spuntik Армения.

Президент уақытша қашықтан жұмыс істеу форматына ауысады.

Айта кетйік, Армен Саркисян еңбк демалысы кезінде Жаңа жылды жанұясымен, немерелерімен Ұлыбританияда қарсы алды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы тез таралып жатқанын хабарлаған едік.

Мамандардың сөзінше, COVID-19-дың жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайтындығы белгілі болып отыр. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен еш ерекшеленбейді.

Осыдан кейін Ұлыбритания астанасы Лондон мен Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Жаңа ережелерге сәйкес, халыққа екі апта бойы еркін жүріп-тұруға шектеу қойылды. Дәріхана және азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындарының, жабық жаттығу залдарының жұмысына тыйым салынды.

Халыққа ғимарат ішінде кездесуге, шетелге шығуға рұқсат етілмеді.

Коронавирустың жаңа штамы салдарынан шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін Лондон тұрғындары қаладан жаппай кете бастады.

Сонымен бірге Ұлыбританиямен ондаған мемлекет арадағы көлік қатынасын тоқтатып, шекарасын жапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892369-londonda-ota-zasatpak-bolgan-armenia-prezidenti-koronavirusty-zaa-trin-zktyrdy/

pixel