Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі өте жылдам таралып жатыр. Бұл туралы Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уиттидің мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ескерттік. Жағдайды түсіну үшін қолжетімді деректерді талдап жатырмыз. Әзірге қолымызда вирустың жаңа типі өлім-жітімнің артуына алып келіп соғатыны немесе ем мен вакцинаға әсері туралы мәлімет жоқ. Алайда бұны растау үшін шұғыл зерттеулер жүргізіліп жатыр", - деді Крис Уитти.

Айта кетейік, Англияның оңтүстік-шығысында вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарды сақ болуға шақырған.

14 желтоқсанда елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок вирустың жаңа түрі табылғанын мәлімдеді.

Шенеуніктің сөзінше, аталған штамм Англияның оңтүстік-шығысында, соның ішінде Лондонда аурудың жылдам таралуына әкеп соққан. Вирус таралу жылдамдығы жағынан белгілі коронавирустың басқа түрлеріне ұқсамайды.

Ол жаңа мутация аурудың ауыр түріне шалдықтыруы мүмкін екені дәлелденбегенін атап өтті.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 652 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 146 584-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақтан" шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Оған қоса, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Қазақстан Ресеймен бірлесіп, вакцина өндірісін іске қосатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889966-galymdar-koronavirusty-zaa-tri-zyldam-taralyp-zatkanyn-ajtyp-dabyl-kakty/

pixel