Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өлімі: Сотталушы Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

Опубликовано:

Жанар Толыбаева
Фото: zakon.kz

Отандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты. Оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Бұл туралы Қазақстан Жоғарғы Сотының аппараты Tengrinews.kz-ке берген жауабында айтқан.

Сотталушы Жанар Толыбаева қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш берген.

Алматы облысы Іле аудандық сотының 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылған. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелген.

Айта кетейік, марқұм Денис Теннің өлімі бойынша үш күдікті айыпталған еді.

Олардың бірі Арман Құдайбергенов "Алдын ала келісіп ұрлық жасау", "Алдын ала келісіп жасалған қарақшылық" , "Алдын ала келісіп жасалған адам өлтіру" баптары бойынша айыпталып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екінші күдікті Нұралы Қиясов ұрлықтан басқа, жоғарыда келтірілген барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, ол да 18 жылға сотталған болатын.

Ал үшінші күдікті Жанар Толыбаева "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ол 2019 жылдың наурыз айында баласын босануына байланысты орташа қауіпсіздік колониясынан ең төменгі қауіпсіздік колониясына ауыстырылды.

Шілдеде Қазақстан Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Жанар Толыбаеваны колонияға қайтаруды және Алматы сотының бала тууына байланысты колония-қоныста мерзімін өтейтіні туралы шешімінің күшін жоюды талап етті.

Осылайша, Толыбаева жазасын өтеп жатқан колонияға оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892467-denis-tenni-limi-sottalusylardy-biri-bostandykka-sykty/

pixel