Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда вагоннан құлап кеткен жұмысшы қайтыс болды

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралда биіктігі 4,5 метрлік вагоннан құлаған жұмысшы қайтыс болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға бүгін, 6 қаңтарда "Талап" АҚ құрылыс-өндірістік базасында болған.

Осында жұмысшы болып істеген 1969 жылғы ер адам биіктігі 4,5 метр вагоннан құлап кетіп, басынан жарақат алған. Жедел жәрдем қызметі сағат 10.40-та шақырылған.

Алайда ер адам жедел жәрдем келгенген дейін көз жұмған.

Ведомствоның ақпаратынша, бұл – соңғы екі күнде өндіріс орнында болған екінші жағдай.

5 қаңтарда кешкі уақытта Теректі ауданы Подстепный ауылында "Мыңжасаров" ЖК-ның сабын цехында 1975 жылғы жұмысшы мас күйінде станокқа түсіп қалған.

Оң жақ қолы білезігінен қиылып кетіп, сол жақ иығы, омыртқа-қабырғалары сынған. Қазіргі кезде ер адам қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, Оралда 28 желтоқсан күні түнгі сағат екілер шамасында келіншек өз күйеуін пышақтап өлтіргенін жазған едік.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 37 жастағы әйел өзінің азаматтық некедегі жұбайымен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында әйел ер адамның кеудесіне пышақ жарақатын салған.

Зардап шегуші ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін тіл тартпастан кетіпті. Ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892507-oralda-vagonnan-klap-ketken-zmyssy-kajtys-boldy/

pixel