Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денистің өліміне қатысы бар әйел бостандыққа шықты: Сот шешімді түсіндірді

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Іле аудандық сотында Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваның не себепті бостандыққа шыққанын түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Соттың мәлімдеуінше, Толыбаева 2019 жылдың 17 қаңтарында аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталған. Осы ретте сот ҚР ҚК 434 бабы бойынша ең ауыр жаза - бас бостандығынан айырған.

"Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтеу үкімі шығарылған. Сотқа дейінгі тергеу органдары оны аса ауыр қылмыс туралы хабарламады деп айыптады. Жазасын өтеу мерзімі қамауға алынған сәттен бастап - 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап есептелді", - дейді сот.

Сонымен қатар ұсталған сәтте Толыбаеваның 2 жасар баласы бар екені, одан бөлек Тенді өлтіргендердің бірінен аяғы ауыр екені айтылды.

"Заң ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамға жазаның үштен бірін өтегеннен кейін өтелмеген бөлігін жазаның жеңіл түрімен ауыстыру туралы сотқа жүгінуге құқық береді. Бір жыл бұрын - 2019 жылдың желтоқсанында - Толыбаева бұл құқықты пайдаланды", - дейді сот.

2020 жылдың 6 қаңтарында Алматы облысының Іле аудандық соты оның өтінішін қарап, бірқатар мән-жайды ескерген. Осылайша, прокурор Толыбаеваның өтінішін қолдап, бас бостандығынан айыруды шектеу түрімен ауыстыруды сұрады. Ол мекеме әкімшілігі оң пікір алған, жазаны өтеу тәртібін бұзбаған, екі кішкентай баласының болуы септігін тигізген. Сонымен қатар Толыбаева ауруына байланысты еңбектен босатылған.

"Сот Жанар Толыбаеваның өтелмеген жазасының бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстырды. Мұндай жаза ҚК 434 бабында да қарастырылған. Сот шешіміне шағым жасалмады немесе наразылық білдірілмеді және заңды күшіне енді. Осы санаттағы істер Жоғарғы соттың құзыретіне кірмейді", - деп түйіндеді сот.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892559-denisti-limine-katys-bar-jel-bostandykka-sykty-sot-sesimdi-tsindirdi/

pixel