jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Оралда қар жатқан жолға жөндеу жұмысын жүргізгендер видеоға түсіп қалды

Тас жол
Көрнекі фото: pxhere.com

Орал тұрғындары қарлы уақытта жаяу жүргінші жолын төсегендерді камераға түсіріп алды. Видео әлеуметтік желіде пайда болған. Бұған қатысты қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушылар транспорты бөлімі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің Оралда осындай істер орын алуда. Қар жатыр. Қиыршық тас пен құм төгуде. Қарда төсеп жатыр", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Орал қаласы Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушылар транспорты бөлімі бұл жұмысты мердігер өз қаражатына істеп жатқанын айтты.

"КазСтройГарант" ЖШС мердігерлік ұйымы нысанды дер кезінде өткізе алмады... Жол аяқталғанымен, біз сотқа арыз түсірдік. Мердігерді мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп тануды сұраймыз", - дейді бөлім жетекшісі Аслан Даубаев.

Мердігер ұйымның директоры да видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бізде екі бума тас төсеуіштер қалды. 15 шаршы метр учаскеге қалай салынып жатқанын түсірген. Ауыр жүк көліктері тротуарды бұзған. Жанында екі ғимарат тұр. Біз жөндеу жұмыстарын өз есебімізден жүргіздік", - дейді "КазСтройГарант" ЖШС директоры Сафа Азизов.

Айта кету керек, қазіргі уақытта жол құрылысының жұмысы мен сапасын қоғам белсенділері ттексеріп жатыр. Олар жөндеу жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын нысандарға баруды ұйымдастырады. Биыл жол салушы екі компанияға 5 миллион теңгеден айыппұл салынған. Тағы екі іс сотта қаралуда.

Еске сала кетсек, 6 қаңтарда Оралда вагоннан құлап кеткен жұмысшы қайтыс болды.

Оралда қар жатқан жолға жөндеу жұмысын жүргізгендер видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.