RU

Қазақстанда 2020 жылы үздік болған университеттердің тізімі жарияланды

университет
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 2020 жылы үздік болған жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды. Рейтингке еліміздің ірі он университеті кірген. Іріктеу кезінде Ішкі істер министрлігіне, ҰҚК мен Қорғаныс министрлігіне бағынатын университеттер ескерілмеген деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП ресми сайты.

Хабарламада рейтингті құру барысында 2000-ға жуық білім беру бағдарламасы қамтылғандығы, 68000 түлектің жұмыспен қамтылуы талданғаны, Қазақстанның барлық аймақтарынан 600-ден астам сала мамандары тартылғандығы айтылған.

Нәтижесінде елдегі 108 жоғары оқу орны бойынша 6 мыңға жуық сараптамалық қорытынды жинауға мүмкіндік туған.

Қазіргі уақытта елдің үздік университеттерінің тізімі келесідей:

  1. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ;
  2. Қазақ-Британ техникалық университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;
  6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;
  7. Л.Н. Гумилев атыдағы Еуразия ұлттық университеті:
  8. Халықаралық білім беру корпорациясы;
  9. Е.А Букетов атындағы Қарағанды университеті;
  10. Нархоз университеті.

Еске сала кетсек, Орал билігі медициналық колледжді 1,1 млрд теңгеге басқаруға бермек екендігін жазған болатынбыз. Конкурс қатысушысы 175 млн теңге төлейді. Жеңімпаз үш жылдан кейін білім беру мекемесін толығымен сатып ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892586-kazakstanda-2020-zyly-zdik-bolgan-universitetterdi-tizimi-zarialandy/