Елорда жастарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтан қаласының жастарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл туралы "Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook желісінде өткен тікелей эфир кезінде айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Facebook желісінде өткен тікелей эфир барысында "Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жақында іске қосылуы мүмкін "Елорда жастары" атты жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары қандай болатынын айтып берді.
"Біз қазіргі таңда әкімдікпен бірге бұл бағдарламаның талаптарын талқылап жатырмыз. Ол – "Елорда жастары" бағдарламасы деп аталады. Алдын ала келісімдер бар. Аталмыш бағдарлама ең алдымен жас отбасыларды қолдауға бағытталған. Ол жерде де лимит бекітіледі. 5 пайыздық ставка болса, бастапқы жарна көлемі шамамен 10 пайызға тең болуы керек", - дейді Ибрагимова.
Ләззат Ибрагимова бұл бағдарламаға ең бірінші кезекте елордада еңбек ететін, алайда кезекке тұра алмай жүрген жастарды қосуды көздеп отырғандарын алға тартты.
"Қазіргі таңда бағдарламаны іске қосудың финалдық сатысында тұрмыз. Елорда әкімі Алтай Сейдірұлының (Көлгінов – авт.) өзі де қолдау білдіруде. Менің ойымша, алдағы бір жарым айдың ішінде біз елорда жастарына арналған жағымды жаңалықты жариялаймыз", - деді Ләззат Ибрагимова.
Еске салсақ, бұған дейін "Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook желісінде өткен тікелей эфир барысында зейнетақы қорынан алынған қаражатты ешкім бұғаттай алмайтынын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892641-elorda-zastaryna-arnalgan-zaa-trgyn-j-bagdarlamasy-iske-kosylmak/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.