Ләззат Ибрагимова: Зейнетақы қорынан алынған қаражатты ешкім бұғаттай алмайды
Жарияланған күні:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражат арнаулы есепшотта сақталады. Бұл туралы "Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook желісінде өткен тікелей эфир барысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, арнаулы есепшотты тек қана онлайн ашуға болады.
"Ең дұрысы оны сіз біздің порталда өтінім беретін кезде ашқаныңыз жөн. Егер сіз зейнетақы жинағын пайдалану тетігіне қатыспайтын болсаңыз, онда арнаулы есепшот ашудың қажеті жоқ. Сондықтан асықпаңыздар", - деп ескертті ол.
Ибрагимова бір реттік зейнетақы төлеміне арналған арнаулы ағымдық есепшот барлық жағынан қорғалғанын айтуда.
"Тіпті бір жерден қарыз ақша алуыңызға байланысты қандайда бір кредитор, үшінші тұлға сот шешімімен сіздің екінші деңгейдегі банктегі кез келген есепшотыңызды бұғаттаса да бұл есепшотты еш бұғаттай алмайды. Ал егер осы уақытта сіз басқа жаққа кетіп қалып, қаражатыңызды пайдалана алмасаңыз, онда 45 күннен кейін біз қаражатты сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыңыздағы есепшотыңызға қайтарамыз", - деді Ләззат Ибрагимова.
Еске салсақ, бұған дейін зейнетақы қорынан ақшаны уақытынан бұрын алу үшін өтінім 8 қаңтарда қабылдана бастауы мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Одан бөлек, зейнетақы қорынан ақша алу үшін қойылған жеткіліктілік шегі жаңарғанын жазған едік.
Сонымен қатар, зейнетақы жинағынан қалай қаржы алуға болатынын жазғанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892617-lzzat-ibragimova-zejnetaky-korynan-alyngan-karazatty-eskim-bgattaj-almajdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.