Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирак соты Трампты қамауға алу туралы шешім шығарды

Опубликовано:

Дональд Трамп
Фото : Erin Schaff / Getty Images

Ирак соты АҚШ президенті Дональд Трампты Ирактың "Аль-Хашд аш-Шааби" атты шейіттер жасағы басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандистің өліміне қатысты іс бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол өткен жылы АҚШ әскери-әуе күштерінің шабуылы салдарынан қаза болған еді.

Сот Ирак Қылмыстық кодексінің 406-бабына сәйкес, алдын ала тергеу нәтижелерін есепке ала отырып, Трампты қамауға алу туралы ордер берген.

Бұл бап бойынша "қасақана кісі өлтіргені" үшін ең ауыр жаза - өлім жазасы қарастырылған деп хабарлайды ТАСС шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сондай-ақ сот "қылмыстың өзге қатысушыларын анықтау үшін яғни олардың ирактықтар немесе шетелдіктер екенін білу үшін әл-Мухандистің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Айта кетсек, өткен жылы Бағдад әуежайы маңында АҚШ-тың әуе шабуылының салдарынан әл-Мухандис пен Ислам революциясы күзеті корпусының "Әл-Кудс" күштерінің қолбасшысы генерал Касем Сулеймани қаза болған еді.

Иран АҚШ-тың бұл шабуылына жауап ретінде 8 қаңтарға қараған түні Ирактағы АҚШ әскери күштерінің қолданысындағы екі нысанға - Айн-эль-Асад базасы мен Эрбиль әуежайына зымыранмен соққы жасады.

Еске салсақ, бұған дейін 7 қаңтарда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы сенат залына баса көктеп кірген болатын.

Кейін Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Трамптың аккаунтын бұғаттап тастады.

Әлеуметтік желілердің әкімшілігі Трамп жария еткен видеолардың бірі олардың талаптарын бұзатынын мәлімдеген.

Осылайша, АҚШ президенті бір тәулік бойы аталмыш желілерді ештеңе жариялай алмай қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892673-irak-soty-trampty-kamauga-alu-turaly-sesim-sygardy/

pixel