Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сымбат Құлжағарованың есі дұрыстығын дәлелдейтін бірнеше құжат жария болды (фото)

Опубликовано:

Сымбат Құлжағарова
Фото: Instagram/symbat_stories

Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін қоғамда туған дау әлі басылар емес. Марқұмның сіңлісі Бану Құлжағарова желіге Сымбаттің тірі кезінде өткен сараптама қортындылары мен анықтама қағазын жария етті. Онда дәрігер Сымбат Құлжағарованың денсаулығына қатысты ақыл-есі дұрыс деген байламға келгені жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бану Құлжағарова желідегі жазбасында марқұм әпкесінің ақыл-есі дұрыстығына күмәнданатындарға бірнеше дәлел келтірді.

"Сымбаттың психикалық денсаулығында ақау болды деген әңгімені әлі айтатын адамдарды мүлде түсінбеймін. Сол кезге дейін ол туыстарымен, құрбыларымен, әріптестерімен, косметологпен, психологпен тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті, иә ол бірнеше рет тергеуге, бетпе-бет кездесулерге де барып жүрді.

Неліктен сол қызметкерлер марқұм әпкемнің ауырмағанын растай алмайды? Ол сап-сау болды. Сау екенін көру үшін арнайы көзілдірік керек пе? Немесе мемлекеттік психикалық денсаулық орталығына ата-енесі мен күйеуіне ғана психикасы бұзылған болып көрінетін келіндерді жатқыза ма?", - деп жазады Бану Құлжағарова.

Сымбат Құлжағарова құжаты
Фото: Instagram/b_kulzhagarova

Банудың айтуынша, Сымбат тірі күнінде сараптамадан қашпаған. Ол жарияланған құжаттар соның көрсеткіші екенін алға тартады.

"Мейлі, марқұм әпкем ауырды делік. Сымбат әлеуметтік желіде жанайқайын жазғанда, сіздер қайда қалдыңыздар? Неге аккаунт жасап, халыққа оның ауру екенін, емдеу керектігін айтпадыңыздар?! Өйткені тірі болса ол айтылған сөздердің теріс екенін дәлелдеп бере алар еді. Ол сараптамадан өтуден қашпады. Мына анықтама соның дәлелі", - дейді Сымбаттың сіңлісі.

Еске сала кетсек, 29 жастағы Сымбат Құлжағарова 10 желтоқсан күні елордадағы көпқабатты үйлердің бірінен секіріп, қайтыс болған еді.

Осыған дейін Сымбат Құлжағарованың әкесі президентке үндеу жасаған болатын.

Алайда марқұмның туған анасы мен күйеуінің айтуынша, Сымбаттың психикалық ауытқуы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892707-zelide-markm-symbat-klzagarovany-akyl-esi-drystygyn-dleldejtin-birnese-kzat-zaria-boldy-foto/

pixel