RU

Алматыда 15 жастағы жеткіншек анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Пышақ1
Көрнекі фото: NUR.KZ

15 жастағы жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қылмыс Алматы қаласының Алмалы ауданында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция бөліміне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, оқиға өткен түнде болған.

2005 жылы туған жасөспірім дау кезінде анасына бірнеше рет пышақ сұғып, әйел адам алған жарақатынан көз жұмған. Қазір күдікті қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта психологтардың қатысуымен кәмелетке толмаған баламен тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, баланың психикасы бұзылғанының айқын белгілері бар", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 28 желтоқсан күні түнгі сағат екілер шамасында Орал қаласының Кердері көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға болғаны туралы жазған едік.

37 жастағы әйел өзінің азаматтық некедегі жұбайымен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында әйел ер адамның кеудесіне пышақ жарақатын салған.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Жаркент қаласында 39 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, елордада бірнеше адам төбелесіп, салдарынан екі ер адам қайтыс болғанын жазған едік. Тағы біреуі оқ жарақатын алған. Марқұмдардың жеке басы анықталды. Олар 39 және 44 жастағы Қызылорда облысының тумалары болып шықты.

Полицияның анықтауынша, төбелеске қарыз міндеттемелері бойынша туындаған жанжал себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892770-almatyda-zasspirim-anasyn-ltirdi-degen-kdikke-ilindi/