jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін қалай өтініш беруге болады

ноут1
Көрнекі фото: pexels.com

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу жөніндегі уәкілетті оператор болып табылатын "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын алудың онлайн-платформасы қашан іске қосылатынын айтты.

Sputnik Қазақстанға Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға байланысты барлық операциялар онлайн режимінде жүзеге асырылады. Қазақстандықтарға банктің филиалдарына барудың қажеті жоқ.

"Барлық заңнамалық актілерге қол қойылғаннан кейін онлайн-платформа іске қосылады, онда сіз қашықтан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға өтініш бере аласыз"", – деді банктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын алуға өтініштер қабылдайтын портал 8 қаңтардан бастап жұмыс істей бастауы мүмкін деп хабарлаған.

Ибрагимова өтініш беру үшін уақыт шектеулері жоқ екенін, сондықтан портал жұмысының алғашқы күндерінде мұны істеп көрудің қажет еместігін атап өтті.

Оған қоса, басшы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражат арнаулы есепшотта сақталатынын айтқан еді.

Ибрагимова бір реттік зейнетақы төлеміне арналған арнаулы ағымдық есепшот барлық жағынан қорғалғанын айтуда.

Тіпті бір жерден қарыз ақша алуыңызға байланысты қандай да бір кредитор, үшінші тұлға сот шешімімен екінші деңгейдегі банктегі кез келген есепшотты бұғаттаса да бұл есепшотты еш бұғаттай алмайды.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін қалай өтініш беруге болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.