RU

Алматы облысында аязды күні қатып өлген қойдың видеосы желіні дүрліктірді

Қатып қалған қой
Видеодағы кадр: instagram.com/100baksoff

Әлеуметтік желіде қойдың үсіп өлгені көрсетілген видео пайда болды. Бір назар аударарлық жайт, жануар тұрып тұрған күйі қатып өлген.

Видео авторының айтуынша, кадрлар Алматы облысында түсірілген.

Видео Instagram желісіндегі 100baksoff парақшасында пайда болды.

Кадрлардан жануар тұрып тұрған күйі қатып өлгенін көруге болады. Видео авторының айтуынша, кадрлар 2021 жылы 6 қаңтарда Жансүгіровте (Алматы облысында - ред.) түсірілген.

Видеоның соңында адам өлген жануарды аяғымен итеріп жібереді, ол құлап түседі. Айта кету керек, видеодағы ер адамның бұл әрекеті қазақстандықтарды ашуландырды. Gismeteo сайтының хабарлауынша, 6 қаңтарда Алматы облысының Жансүгіров ауылында түнде ауа температурасы - 23 градус аязға жеткен.

Назар аударыңыз! Видеода психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынбайды.

Еске салсақ, ШҚО-да 40 градус аязға байланысты 5 қаңтар күні кешкі сағат алтыдан бастап республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың барлық учаскелерінде дизельдік отынмен жүретін көліктер мен қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылған.

Айта кеткен жөн, Павлодар облысында тас жолда тұтас бір отбасы бұзылған машинада үсіп қала жаздады.

Оған қоса, еліміздің синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892840-almaty-oblysynda-aazdy-kni-katyp-lgen-kojdy-videosy-zelini-drliktirdi/