RU

ШҚО-да 40 градус аязға байланысты көлік қозғалысы шектелді

аяз
Көрнекі фото: kznews.kz

Шығыс Қазақстан облысында 40 градус аязға байланысты көлік қозғалысы шектелді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Облшығысжол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шығыс Қазақстан облысынағы филиалы келтірген мәліметтерге сенсек, ШҚО-да 40 градус аязға байланысты 5 қаңтар күні кешкі сағат алтыдан бастап республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың барлық учаскелерінде дизельдік отынмен жүретін көліктер мен қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылған.

Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз әлі бірнеше күнге созылады.

Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Павлодар облысына қарасты "Омбы-Майқапшағай" тасжолының 426-587 шақырымында, "Алматы-Өскемен" тасжолының 558-615 шақырымында, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасында және Кенжекөл ауылы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасында көлік қозғалысына тыйым салынған.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің шығысында 40 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған едік.

Сонымен бірге 6 қаңтарда бірнеше өңірде дауылдық ескерту жарияланды. Мәселен Жамбыл облысында, Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892409-sko-da-40-gradus-aazdan-klik-kozgalysy-sekteldi/