Қапшағай полицейлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні ұстады
Жарияланған күні:
Алматы облысы Қапшағай қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, тергеуден жасырынған күдіктіні ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.
"Жүргізілген жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 9-тармағы бойынша, яғни адам өлтіруге оқталғаны үшін айып тағылған 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктінің 2020 жылдың 26 желтоқсанында бірге спирттік ішімдіктер ішу барысында Қапшағай қаласының 23 жастағы тұрғынына бірнеше жарақат салғаны анықталды. Соның салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген", – дейді Қапшағай ҚПБ бастығы Манат Айтмұханбетов.
Айта кетерлігі, аталған қылмыс бірге ішімдік ішу кезінде туындаған жанжалға байланысты орын алған.
"Күдікті бұрын бірнеше рет түрлі қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады, іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", – деп толықтырды Манат Айтмұханбетов.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Панфилов ауданының полицейлері ұры әйелді ұстағаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Панфилов ауданының полицейлеріне арызданған Жаркент қаласындағы жеке дүкен иелері белгісіз біреудің сөредегі заттарды байқатпай ұрлап кеткенін айтқан.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар күдікті әйел ұсталды. Оның еш жерде жұмыс істемейтін, бұған дейін сотталмаған жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892849-kapsagaj-policejleri-asa-auyr-kylmys-zasady-degen-kdiktini-stady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.