Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкендерден ұсақ-түйек ұрлаған: Алматы облысында ұры әйел қолға түсті

Опубликовано:

күдікті әйел
Көрнекі фото: www.gazeta.ru

Алматы облысы Панфилов ауданының полицейлері ұры әйелді ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Панфилов ауданының полицейлеріне арызданған Жаркент қаласындағы жеке дүкен иелері белгісіз біреудің сөредегі заттарды байқатпай ұрлап кеткенін айтқан.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар күдікті әйел ұсталды. Оның еш жерде жұмыс істемейтін, бұған дейін сотталмаған жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

"Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде 22 жастағы бойжеткеннің бес ұрлық дерегіне қатысы бар екені әшкере болды. Тергеу жалғасуда", – деді Панфилов ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Жандос Кавлиев.

Полицейлер ұсталған күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Жеңіл олжа көздеген ол дүкендерден жеке гигиена заттары және шұлықтар сияқты ұсақ-түйектерді қолды қылған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында полицейлер шамамен 5 миллион теңгенің жылқыларын жымқырған күдіктіні ұстаған болатын.

Тергеу барысында күдікті қорасының маңында жайылып жүрген жәбірленушінің жеті жылқысын өз қорасына кіргізіп алғаны анықталды. Осыдан кейін ол танысына хабарласып, жеті бас жылқыны 3 асыл тұқымды жылқыға айырбастап жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892842-dkenderden-sak-tjek-rlagan-almaty-oblysynda-ry-jel-kolga-tsti/

pixel