Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәскеуде, Лондонда емдедік": Нұрсұлтан Назарбаев Айсұлтанның қазасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/aisultann

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиені Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Хабар арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үшінші сериясында айтты.

"Үш қызымнан керемет үш немерем бар. Амал не, биыл (2020 жылы - ред.) бір немеремнен айырылдым, өзімнен аумайтын еді. Сонша ерте кеткеніне өкінемін. Ешқайда да жібермей-ақ қоюға болар еді. Алайда ұстап отыру мүмкін емес еді. Сол істің құлына айналды, тоқтай алмады. Мәскеуде емдедік, Лондонда емдедік. Одан беті бері қарап еді, бірақ қайта кетті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, 16 тамызда Ұлыбритания астанасында 30 жасқа қараған шағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені - Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған.

1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "Елбасының сүйікті жиені" деп атайды.

Ол 2010 жылы Сандхерст қаласында британияның корольдік әскери академиясын тамамдады. Кейін "бизнес әкімшілендіру" мамандығы бойынша Алматыдағы КИМЭП университетінің магистратурасын да оқыды.

Айсұлтан 2012-2013 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасында қызмет атқарды. 

Содан кейін 2017 жылдың ақпан-қазан айларында Қазақстан футбол федерациясы президентінің орынбасары болды. Елбасының жиені онда ФИФА, УЕФА және ұлттық қауымдастықтармен халықаралық байланыс орнатуға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892858-mskeude-londonda-emdedik-nrsltan-nazarbaev-ajsltanny-limi-turaly-pikir-bildirdi/

pixel