Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы мәлімет: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 780 адам тіркелді

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 780 адам тіркелгені белгілі болды. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 162 273-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Алматы қаласында – 19517 (+116),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 19256 (+37),
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 19213 (+54),
  • Атырау облысында – 14319 (+54),
  • Қарағанды облысында – 12411 (+40),
  • Павлодар облысында – 9892 (+113),
  • Батыс Қазақстан облысында – 9576 (+45),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 9133 (+54),
  • Қостанай облысында – 8105 (+64),
  • Ақмола облысында – 7776 (+60),
  • Алматы облысында – 7593 (+62),
  • Шымкент қаласында – 5599 (+29),
  • Жамбыл облысында – 5131 (+19),
  • Маңғыстау облысында – 3800 (+10),
  • Ақтөбе облысында – 3753 (+9),
  • Түркістан облысында – 3764 (+14),
  • Қызылорда облысында – 3435 (+0)

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 9 қаңтардағы Қазақстанның облыстарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялаған болатын.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, 8 қаңтарда еліміздің бір де бір өңірі "қызыл" аймақта болмаған еді.

Алайда соңғы бағалау матрицасс "қызыл" зонаға Атырау облысының қайтадан кіргенін көрсетті.

Мұнайлы өлке осымен қатарынан бірнеше рет "қызыл" аймаққа енді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "сары" аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Батыс Қазақстан облысы бар.

Қалған өңірлердің барлығы - "жасыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892945-sogy-mlimet-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-780-adam-tirkeldi/

pixel