Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің бір облысы "қызыл" аймаққа кірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі 9 қаңтардағы Қазақстанның облыстарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағалау матрицасына сәйкес, 8 қаңтарда еліміздің бір де бір өңірі "қызыл" аймақта болмаған еді.

Алайда бүгінгі матрица "қызыл" зонаға Атырау облысының қайтадан кіргенін көрсетті.

Мұнайлы өлке осымен қатарынан бірнеше рет "қызыл" аймаққа енді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "сары" аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Батыс Қазақстан облысы бар.

Қалған өңірлердің барлығы - "жасыл" аймақта тұр.

Еске сала кетспк, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 843 адам тіркелген. Оның 92-сі Атырау облысынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 161 493-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892893-koronavirus-elimizdi-bir-oblysy-kyzyl-ajmakka-kirdi/

pixel