RU

Қазақстанда оқушылар үшінші тоқсанды қай күннен бастап оқиды

сынып
Көрнекі фото: Ақорда

Мектеп оқушылары үшін үшінші тоқсан 6 облыста - 11 қаңтардан, ал 11 облыста - 12 қаңтардан басталады. Бұндай ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, бас мемлекеттік санитар дәрігердің 29 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, сайлау учаскелері ретінде жұмылдырылған білім нысандары сайлау аяқталғаннан кейін зарарсыздандырылады.

Яғни, 10 және 11 қаңтар күндері дауыс беру жүргізілген аталған нысандарда тазалық жұмысы жүргізіледі.

"Осыған байланысты 10 қаңтарда зарарсыздандыру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін Қазақстанның 6 облысында, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы және Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында офлайн-режимде белгіленген оқу процесі 11 қаңтарда басталады", - делінген хабарламада.

Ал қалған 11 өңірде – Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Ақмола облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында оқу 12 қаңтарда басталмақ.

Сонымен қатар, республика аумағында 7 090 мектептің 5 522-сінің, 6 651 балабақшаның 143-інің, 644 орта білім беру мекемесінің 215-інің, 125 жоғары оқу орнының 53-інің, 114 мектеп-интернат, спорт мектебі ЖОО жатақханаларының 22-сінің базасында сайлау учаскесі құрылғаны айтылды.

Одан бөлек өзге де білім нысандарында 12 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Олардың қатарында оқушылар сарайы, шығармашалық, үй, музыка мектебі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892998-elemizde-mektep-okusylary-sinsi-toksandy-kaj-knnen-bastap-okidy/