Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы 746 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 746 адам тіркелді. Олардың дені Алматы қаласында деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 55

Алматы қаласы - 120

Шымкент қаласы - 20

Ақмола облысы - 59

Ақтөбе облысы - 10

Алматы облысы - 63

Атырау облысы - 73

Шығыс Қазақстан облысы - 38

Жамбыл облысы - 16

Батыс Қазақстан облысы - 46

Қарағанды облысы - 40

Қостанай облысы - 63

Қызылорда облысы - 8

Маңғыстау облысы - 10

Павлодар облысы - 65

Солтүстік Қазақстан облысы - 52

Түркістан облысы - 8

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар 163 019.

Сонымен қатар өткен тәулікте елімізде індеттен 411 адам жазылып шықты.

Айта кетейік, 10 қаңтардағы мәлімет бойынша, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның екі облысы "қызыл" аймаққа енді.

Олар Ақмола және Павлодар облыстары. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы "сары" аймақта болса, өзге өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.

Сонымен қатар Ұлыбританияда тараған коронавирустың жаңа штамы Ресейге де жеткені белгілі болды.

"Ресейде - коронавирустың "британиялық" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркеліп отыр. Ол Ұлыбританиядан оралған Ресей азаматынан табылды. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Попова хабарлады", - деп жазды Mash Telegram-каналы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893027-elimizde-tagy-746-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel