Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл жұмыс істейтін жастарға елордадан қанша пәтер беріледі

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов еліміздің бас қаласында "Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" жобасы жалғасатынын мәлімдеді деп жазады dauletten.kz сайты.

Көлгіновтің айтуынша, биыл елордалықтарға 1050 пәтер кілті табысталады.

"Бағдарлама аясында жастар жалдамалы пәтерге ие болды. Осы уақыт ішінде олар аяққа тұрып, белгілі бір көлемде қаржы жинауына мүмкіндік туды. Қаңтар айында біз тағы 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Ал 2021 жылдың соңына қарай тағы 1050 пәтер беріледі", - деді қала әкімі.

Айта кетсек, жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылы басталып, мыңнан аса азамат жалдамалы пәтерге ие болған еді.

Осы орайда мемлекеттен сатып алу құқығынсыз, 5 жыл мерзімге жалдамалы пәтер алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса ала ма? Бұл сауалға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасы Шахмардан Байманов жауап берген еді.

Баймановтың сөзінше, жалдамалы пәтер алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса алмайды.

"Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды. Яғни, ол баспана бойынша басқа кезектен шығарылады. Жалдамалы үйге ие болған азамат "7-20-25" секілді немесе басқа да әкімдіктің бағдарламасында тұрса, олардан автоматты түрде алынып қалады. Тек бір тізімде болады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893031-biyl-zmys-istejtin-zastarga-elordadan-kansa-pter-beriledi/

pixel