Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалдамалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса ала ма

Опубликовано:

Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз, 5 жыл мерзімге жалдамалы пәтер алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса ала ма? Бұл сауалға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Баймановтың сөзінше, жалдамалы пәтер алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса алмайды.

"Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды. Яғни, ол баспана бойынша басқа кезектен шығарылады. Жалдамалы үйге ие болған азамат "7-20-25" секілді немесе басқа да әкімдіктің бағдарламасында тұрса, олардан автоматты түрде алынып қалады. Тек бір тізімде болады", - дейді комитет төрағасының орынбасары Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі азаматтар сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалдамалы баспана ала алады.

Бұдан бұрын жастарға пәтер алу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша биыл Нұр-Сұлтанда – 1050, Алматыда – 1050, Шымкентте – 904 пәтер беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825107-zaldamaly-pter-algan-zastar-baska-bagdarlamalarga-katysa-ala-ma/

pixel