Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 90 миллионнан асты

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Жер бетінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 90 миллионнан асты деп хабарлайды РИА Новости.

Джон Хопкинс атындағы университеттің дерегінше, әлем бойынша коронавирус инфекциясын 90 005 787 адам жұқтырған.

Соның ішінде АҚШ-та 22,2 миллион адамға COVID-19 диагнозы қойылған.

Екінші орында Үндістан тұр. Мұнда коронавирус жалпы 10,4 миллион адамнан табылған.

Ал Бразилияда 8 миллионнан астам адамнан инфекция анықталған.

Жалпы пандемия басталғалы бері жер бетінде 1,93 миллион адам вирустан көз жұмған. Сонымен қатар 50 миллион пациент емделіп шыққан.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 746 адам тіркелді. Тағы 411 адам емделіп шыққан.

Ал ел бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 160 019-ға жетті.

Айта кетсек, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның қос облысы "қызыл" аймаққа енгенін жазған едік.

2021 жылдың 10 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы "сары" аймақта болса, өзге өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.

Сонымен қатар Ұлыбританияда тараған коронавирустың жаңа штамы Ресейге де жеткені белгілі болды.

"Ресейде - коронавирустың "британиялық" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркеліп отыр. Ол Ұлыбританиядан оралған Ресей азаматынан табылды. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Попова хабарлады", - деп жазды Mash Telegram-каналы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893033-dnie-zzinde-covid-19-zktyrgandar-sany-90-millionnan-asty/

pixel