Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайлаугүл, Қасым-Жомарт: Сайлау күні өмірге келген сәбилерге қандай есімдер жиі қойылған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pexels.com

Сайлау күні Түркістан облысында 135 сәби өмірге келген. Олардың арасында Қасым-Жомарт, Нұрсұлтан, Сайлау, Сайлаугүл атты есімдер кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бір тәулік ішінде 63 ұл бала, 72 қыз бала дүние есігін ашқан.

"Бұл күні әдеттегіден екі есе көп бала өмірге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мұның бұрын-соңды болмаған жағдай екенін, осылайша, рекорд жаңартылғанын мәлім етті. Жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы", - дейді ведомстводан.

Сайлау күні дүние есігін ашқан сәбилерге ең көп қойылған есімдер қатарында Сайлау, Сайлаугүл, Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт бар.

Сонымен қатар облыс перзентханасындағы жүкті және босанған әйелдер таңғы 7.00-ден бастап дауыс бергені айтылды.

Өңір бойынша перзентханада жатқан 300-ден астам әйел сайлауға қатысқан.

"Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 100 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Өңірде бір тәулік ішінде шамамен 50-60 нәресте өмірге келеді", - дейді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін атыраулық ата-ана сайлау күні дүниге келген қызына Сайлау деп ат қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар бұған дейін оқырмандар назарына 2020 жылы балаларға жиі қойылған есімдер топтамасын ұсынған болатынбыз.

Қазақстанда 2020 жылы туған ұл балаларға, көбінесе, Әлихан деген есім берілсе, қыздар арасында Медина деген есім танымал болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893099-sajlaugl-kasym-zomart-sajlau-kni-mirge-kelgen-sbilerge-kandaj-esimder-zii-kojylgan/