Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жанжал шығарған мас адамды туыстары балконға қамап қойған

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда мас күйінде үйде жанжал шығарған ер адамды туыстары аязға қарамастан балконға қамап қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қаңтарда кешкі уақытта Павлодар қаласы полиция бөліміне 55 жастағы мас ер адамның үйде жанжал шығарып жатқаны туралы қоңырау түскен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адамның туыстары отағасының өзін агрессивті ұстап, бейәдеп сөздер айтып жатқанына шағымданған. Нәтижесінде отбасы ер адамды қатты аязда балконға қамауға мәжбүр болған.

Полиция қызметкерлері бұзақыны медициналық айықтырғыш мекемесіне әкелген. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Осы оқиға бойынша жиналған барлық материалдар сотқа жіберілген.

Еске сала кетсек, ақтөбелік тұрғын бір ай бойына қоғамдық орындардағы қар тазалау жұмыстарына тартылғанын жазған едік. Ер адам мас күйінде әйелін сабап, көмекке келген полиция қызметкерін балағаттаған.

35 жастағы ер азамат ҚР ҚК-нің 378 бабының 1 бөлігі, 380 бабының 1 бөлігімен жауапқа тартылып, сот үкімімен 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған.

Қазіргі таңда өз ісіне өкінетінін айтқан азамат​ Астана аудандық пробация қызметкерлерінің бақылауымен қалалық әкімдік белгілеп берген аумақтарда көшені қардан тазалап жүр.

"Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 21 сотталған азамат заң бұзғандары үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бұл азаматтар Астана ауданы әкімдігі белгілеп берген қоғамдық орындарда белгілі бір біліктілікті талап етпейтін көшені қардан тазалау, қоғамдық орындарды тазалау секілді қоғамдық жұмыстарды орындап келеді",– дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Жұмагүл Ешниязова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893259-pavlodarda-zanzal-sygargan-mas-adamdy-tuystary-balkonga-kamap-kojgan/

pixel