Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде әйелін сабаған ер адам бір ай бойы көшеде қар тазалайтын болды

Опубликовано:

Әйелін ұрған ер адам қар тазалайды
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінен

Ақтөбелік тұрғын бір ай бойына қоғамдық орындардағы қар тазалау жұмыстарына тартылды. Ер адам мас күйінде әйелін сабап, көмекке келген полиция қызметкерін балағаттаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

35 жастағы ер азамат ҚР ҚК-нің 378 бабының 1 бөлігі, 380 бабының 1 бөлігімен жауапқа тартылып, сот үкімімен 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған.

Қазіргі таңда өз ісіне өкінетінін айтқан азамат​ Астана аудандық пробация қызметкерлерінің бақылауымен қалалық әкімдік белгілеп берген аумақтарда көшені қардан тазалап жүр.

"Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 21 сотталған азамат заң бұзғандары үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бұл азаматтар Астана ауданы әкімдігі белгілеп берген қоғамдық орындарда белгілі бір біліктілікті талап етпейтін көшені қардан тазалау, қоғамдық орындарды тазалау секілді қоғамдық жұмыстарды орындап келеді",– дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Жұмагүл Ешниязова.

Еске сала кетсек, 53 жастағы Надежда Аверина Ақтөбе облысының Темір ауданы бойынша "Жыл адамы" атанғанын жазған едік.

Жалғызбасты ана 20 жылдан бері қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын істейді. Ұлы мен қызын көше сыпырып жүріп, ер жеткізген. Құрметке бөленген ананың қуанышында шек жоқ.

"Мен мұндай марапатты бұрын соңды алып көрген жоқпын. Бірінші рет болып тұр. Оның үстіне барлық адамдар мен үшін қуанып жатыр. Не айтарымды білмей тұрмын... Көшеде жүрген біздің еңбекті елеп, көрсетіп жатқан әкімге алғысым шексіз. Мен қатты қуанып тұрмын", - дейді Надежда Аверина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892724-aktbede-jelin-sabagan-er-adam-bir-aj-bojy-ksede-kar-tazalajtyn-boldy/

pixel