Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халыққа қарсы шығу ойымда болған жоқ": Ермахан Ибраимов сайлау күні алаңға не үшін барғанын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/ibraimov.ermakhan

Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, танымал боксшы Ермахан Ибраимов 10 қаңтарда Алматыдағы Тәуелсіздік алаңында болған жайтқа қатысты әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

"Құрметті, отандастар! Осы уақытқа дейін мен халқыммен бірге болдым және әлі де бірге болатынымды айтқым келеді. Митинг кезінде наразылық білдірген халыққа күш көрсету мақсатында емес, сабырға шақыру үшін барған болатынмын. Бірақ, қарсы топтардың белсенділері маған кері пікір білдіріп, менің жеке намысыма тиетін сөздер айтып жатқасын, жақындап барып, бәрін түсіндірмекші болдым.

Сол тұста қарсы топтардың арандатушылары мені кадрға алып, түрлі бағытта ақпараттар таратып жіберген болатын.

Иә, әлеуметтік желілерде суретім мен видео тарап кетіп, маған кері пікірлер айтылып жатыр. Оның бәрін сыни тұрғыда қабылдаймын. Бірақ мен осы сайлауға қатысуымның себебі де қарапайым халық үшін екенін тағы да айтқым келеді. Өйткені төбеме көтеріп, құрметтеген халыққа қарсы шығу менің ойымда да болмаған!

Сондықтан қадірлі қазақ елі, митинг кезінде болған жағдайды қысқаша осылай түсіндіргім келеді. Барлығы алда. Ел мүддесі үшін алда әлі де игілікті істерді атқаратын боламын", - дейді Ермахан Ибраимов.

Еске сала кетсек, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров 10 қаңтар – сайлау күні кейбір қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, оған қатысу және үгіттеу фактілері тіркелгенін атап өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893369-halykka-karsy-sygu-ojymda-bolgan-zok-ermahan-ibraimov-sajlau-kni-alaga-ne-sin-barganyn-ajtty/

pixel