Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында көлікті қасақана соққан қарияға қандай жаза тағайындалды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында қымбат джип мініп, жолдың қарсы бетіне шыққан қарт кісіге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарияға 8 айлық есептік көрсеткіш немесе 23 мың теңге айыппұл (1 АЕК – 2 917 теңге) салынған.

Сондай-ақ зейнеткер бір жарым жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

"Жол-көлік оқиғасына кінәлі егде жастағы жүргізуші "Лада" көлігі жүргізушісінің материалдық шығынын өтегенін ескере отырып, Түркістан облысының Келес аудандық соты құқық бұзушыға 8 АЕК есебінде айыппұл салып, бір жарым жылға дейін автокөлік жүргізу құқығынан айырды", - деп хабардар етті полициядан.

Еске салсақ, 11 қаңтарда әлеуметтік желіде Chevrolet маркалы жол талғамайтын көлік мінген қарияның жолдың қарсы бетіне шығып кеткен видеосы тараған еді.

Оған бетпе-бет келген Lada жүргізушісі тоқтап, жол ережесін бұзған зейнеткерді ұялы телефонына түсірген.

"Сіз менің машинамды неге соғып жатырсыз?", деп сұрайды ер адам. Ал қарт кісі алған бетінен қайтпайтынын ашық айтады.

"Ал анауыңды, үстінен өтіп кетемін қазір. Сосын төлей саламын. Саған жаңа көлік алып беремін", – дейді ол.

Lada жүргізушісі бұл "ұсынысқа" келіседі. Осы кезде қария алға қарай жүріп, жеңіл көлікті жолдың жиегіне итеріп тастайды. "Көрдің бе? Мен саған қайтпаймын дедім ғой. Ал енді бұдан кейін ақылды боласың!", деп кете береді.

Тексеріс барысында оқиға Келес ауданында болғаны анықталды.

Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Chevrolet жүргізушісіне қатысты полицейлер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 4 бірдей бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Материалдар Келес ауданының сотына жіберілген.

Кейін полиция ақсақалдың кешірім сұраған видеосын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893406-trkistan-oblysynda-klikti-kasakana-sokkan-kariaga-kandaj-zaza-tagajyndaldy/