Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың "британиялық" штамы пандемияның жаңа толқынын туғызуы мүмкін

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Getty Images

Коронавирустың "британиялық" штамы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынының басталуына себеп болуы мүмкін деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

Wellcome Trust қоры мен Базель университеті қызметкерлерінің пікірінше, бұл құбылысты тек қатаң шектеу шаралары тоқтата алады екен.

B.1.1.7 штамы әдеттегіден 50-70% жұқпалы болып келетіндігі белгілі болып отыр.

Ғалымдар аталған штамның адам денсаулығына қауіптілігі әлі дәлелденбегеніне қарамастан, оның жұғу көрсеткішінің жоғары екендігі алаңдаушылық туғызып отырғанын айтады.

Мутация таралған елдерде қайғылы гипотеза қазірдің өзінде расталуда. Ирландияда COVID-19 жұқтырғандардың төрттен бірінде B.1.1.7 штаммы анықталған. Данияда да осындай жағдай орын алуда.

Сонымен қатар ғалымдар Оңтүстік Африкада пайда болған B.1.351 деп аталған жаңа мутациясына зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде коронавирустың британиялық штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгені туралы жазған болатынбыз.

Бүгінгі таңда Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі әлемнің бірнеше елдерінде – Қытайда, АҚШ-та және Еуропа аймақтарында таралуда.

Оның Қазақстанда таралу қаупі қаншалықты жоғары екеніне қатысты ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова пікір білдірген болатын.

Сондай-ақ ол Британия мен Қазақстан арасында тікелей байланыс жоқ екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893407-koronavirusty-britanialyk-stammy-pandemiany-zaa-tolkynyn-tugyzuy-mmkin/

pixel