Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі халықаралық әуежайға Әлия Молдағұлованың есімі берілді

Опубликовано:

Аэропорт Актобе
Фото: facebook.com/aktobeairport

Ақтөбедегі халықаралық әуежайға Әлия Молдағұлованың есімі берілді деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Тиісті қаулы әкімдіктің сайтында жарияланған. Жарлыққа еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған.

"Ақтөбе халықаралық әуежайы" Акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Тұңғыш Президент күніне орай Түркістандағы Hazret Sultan халықаралық əуежайы Нұр-Сұлтан-Түркістан бағытындағы алғашқы рейсті қабылдаған болатын.

Бұдан былай Түркістаннан Нұр-Сұлтанға аптасына 6 рейс, ал Алматыға 4 рейс жиілікпен әуекомпаниялары әуе рейстерді орындайды. Еліміздің өзге қалаларына, шет елдерге, соның ішінде Түркияның Ыстамбұл қаласына әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Түркістан халықаралық әуежайы ең тез салынған әуе кемелерінің айлағы ретінде тарихта қалады.

Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихында да алғашқы салынған жаңа әуежай саналады. Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 3300 м, ал ені – 45 м. Жалпы аумағы – 905 гектар. Жалпы әуежай сағатына – 450, ал жылына 3 миллион жолаушы қабылдауға қауқарлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893425-aktbedegi-halykaralyk-uezajga-lia-moldaglovany-esimi-berildi/

pixel