RU

"Әкесін көрсетті": Байзақованың анасы отбасылық суретін жариялады

Айжан Байзақова отбасымен
Фото: Instagram/bayzakova

Ғаламтор кеңістігінде ашық образдарымен танылған атышулы блогер Айжан Байзақованың анасы ерекше отбасылық фотоны жариялап, барша елді тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі жұлдызының туғандары енді отбасы мүшелерінен ешкімді жасырмайтын болған. Атышулы блогердің анасы Instagram парақшасында жанұясының суретін жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті.

Айта кету керек, бұған дейін Айжан Байзақова әкесі мен ұлын ешкімге көрсетпей келген болатын. Алайда, уақыт өте келе ол өз оқырмандарына барынша ашылып, әкесі жайында бар шындықты айтқан еді. Одан кейін желідегілерден өз ұлын жасыруды да қойған.

Белгілі блогер жақында ғана ел назарына баласымен түскен фотосын ұсынып, ол туралы бірқатар тың мәліметтермен бөлісті.

Ал бұл жолы танымал отбасының толық құрамы бір суретте бой көрсеткен. Бұл жайт Айжан Байзақованың жанкүйерлерін аса қатты қуантқаны анық. Олар жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға деген жүрекжарды тілектерін жаудырған.

"Қандай керемет отбасы" , "Енді ешкімнің түрін жасырмайтын болыпты. Әкесі де, ұлы да осында" , "Енді сүйіктісін көрсету қалды" , "Өте әдемі отбасы. Қаншама қиындықты бірге еңсерген. Жарайсыздар, бақытты болыңыздар" , "Көз тимесін, араларыңыз енді алыстамасын. Әрдайым бірге болыңыздар" , "Айжанды бәрі жамандағанымен, ата-анасы үшін қолынан келгеннің барлығын істеп жатыр" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893696-kesin-krsetti-atysuly-bajzakovany-anasy-erekse-otbasylyk-suretpen-blisti/