RU

Тағы бір қалаулымдық жұп отбасын құрды (фото, видео)

"Бір болайық" қатысушылары отбасын құрды
Фото: Instagram/olzhas_khodzha

Атышулы "Бір болайық" жобасының қатысушылары Олжас Ходжаниязов пен Жанерке Кеншімбаева шариғат бойынша некелерін қиды. Оған қоса, күні кеше Қызылордада қаласында бойжеткеннің ұзату тойы дүркіреп өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір болайық" жобасы тағы бір жұптың отбасылық өмірге қадам басуына септігін тигізді. Күні кеше тікелей эфирде бір ару ұзатылса, енді бағдарламаның сүйкімді жұптарының бірі некелерін қидырып отыр.

Олжас пен Жанеркенің таныстығы аталмыш жобаның өткен маусымдарында орын алған болатын. Алайда, қыз бен жігіт ретінде қарым-қатынастары тек 2020 жылы бастау алды.

Айта кетерлігі, Олжас Ходжаниязов өз сезімін бұрындары білдіргенімен, бойжеткен оған мүмкіндік бермеді. Бірнеше мәрте беті қайтарылса да жоба қатысушысы қайтпас қайсар мінезінің арқасында ақыр-cоңы Жанеркенің көңілін тауып, оны өзінің жары етті.

Күні кеше Қызылорда қаласында Жанерке Кеншімбаеваның қыз ұзатуы өтті. Бүгінде ол Ақтаудың келіні атанды.

Желі қолданушылары бірден жас жұбайларды құттықтап, оларға өз ақ тілектерін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар" , "Көз тимесін сіздерге" , "Олжас жарайсың, ақыр-соңы дегеніңнен қайтпадың" , "Екеуі сондай жарасымды жұп" , "Менің ең сүйікті жұбым отау құрды. Қандай керемет жаңалық" , - деп жазды көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін атышулы жобаның тікелей эфирінде бағдарламаның бұрынғы қатсушысы Назираның ұзатылғанын жазған болатынбыз. Бұл ару да өз махаббатын "Бір болайық" жобасының арқасында тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893710-tagy-bir-kalaulymdyk-zp-otbasyn-krdy-foto-video/