jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Олжас Сүлейменов жарымен бірге коронавирус жұқтырды

    Олжас Сүлейменов
    Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

    Ақын және жазушы Олжас Сүлейменов коронавируспен ауырып, емханада жатыр. Оның әйелі де коронавирус дертін жұқтырып алған деп хабарлайды Алматы қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының ақпаратына сенсек, Олжас Сүлейменов пен оның әйеліне "жеңіл ауырлық дәрежесіндегі коронавирустық инфекция" диагнозы қойылып, бүгінде олар ауруханада ем қабылдап жатыр.

    Олар РВ-90 қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасының филиалында 2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап емделуде.

    Сонымен қатар, олардың жағдайларының жақсаруына байланысты ерлі-зайыптыларды ертең, 15 қаңтарда үй жағдайында бақылауға шығару жоспарланып отыр деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті, ғалым Алмаз Шарман Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткішінің шарықтау шегі қашан болатынын айтқан еді.

    Ғалым болжамын Вашингтон университетіне қарасты Медициналық метрика және бағалау институтына (IHME) сүйене отырып жасаған. Ол қазақстандықтарды алдағы айларда аса сақ болуға шақырды.

    Одан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының екінші жылы біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

    Айта кетейік, соңғы аптаның өзінде әлемде 5 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырса, 85 мыңнан астамы осы дерттен қайтыс болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.