jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Үйлер
Көрнекі фото: pixabay.com

15 қаңтарда Қазақстанның бірқатар облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің секундына екпіні кей жерлерде 15-20 метрді құрайды.

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан қатты боран тұрып, күндіз борынның екпіні - 23 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерде қар бұрқасындатып, тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боран екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде қар бұрқасындатады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боранның күші - 15-20 м/с құрайды. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, қар бұрқасындатады, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейеді түседі деп болжанады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады. 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 15 қаңтарда - күндіз, 16 қаңтарда да қатты боран тұрады: 23-28 м/с.

Таразда 15-17 қаңтар аралығында тұман түседі, ал 16-17 қаңтарда көктайғақ болады деп күтіледі. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95% құрайды.

15-16 қаңтарда Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с құрайды.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.