Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көліктің жүруіне тыйым салынды": Ақтөбе облысында жол жабылды

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе және Атырау облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан жолдарының жағдайынан хабар беретін интерактивті карта батыс аймақтарда боран күшейіп тұрғанын көрсетуде.

Осыған байланысты 14 қаңтар кешкі сағат 21:30 бастап "Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 245-330 шақырымында автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған.

Бұл - Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі аралық.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының маңындағы Солтүстік айналма жолының 25-39 шақырымында да 15 қаңтар түнгі 00:10 бастап көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 қаңтарда еліміздің бірқатар облысында дауылдық ескерту жариялаған еді.

Мәселен Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан қатты боран соғып, күндіз борынның екпіні - 23 м/с болады деп күтілуде.

Қостанай облысында кей жерлерде қар бұрқасындатып, тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан соққан боранның екпіні - 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында да тұман, көктайғақ, кей жерлерде қар бұрқасындатады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893869-klikti-zruine-tyjym-salyndy-aktbe-oblysynda-zol-zabyldy/

pixel