Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Қапшағай тас жолында жүк көліктерінің қатысуымен жаппай жол апаты болды (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Алматы - Қапшағай тас жолында үш жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысып қалды деп жазады Zakon.kz.

Көліктердің бірі мал алып келе жатқан. Жол апаты салдарынан екі сиыр өліп кеткен. Оқыс жағдай тас жолдың 20 шақырымында болған.

Болжам бойынша, жол апатына жылдамдық пен арақашықтықтың сақталмауы себеп.

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жүйткіп бара жатқан көлікке оқ тигенін жазған едік. Өңірдің полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Аталмыш факті қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша тіркелген.

Одан бөлек, Алматы облысының тас жолдарында ондаған көлік қарлы боран астында қалғанын жазған болатынбыз.

Райымбек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарына қар құрсауынан шығуға көмектескен. Ауа райының нашарлауына байланысты өңірдегі тас жолдарда осындай проблемалар туындаған.

Сол арада аязды күні көлігімен тұрғындарды тегін тасыған журналист көпшіліктің алғысына бөленуде. Бұл жайт Қостанай облысында болған.

Осы күндері Қостанай облысында ауа температурасы күндіз -35, -38 градусқа дейін төмендеуде. Салдарынан көшеде көліктер оталмай, автобустар жүрмей қалған. Ал далада бүрсең қаққан тұрғындар үйлеріне жете алмай әлек.

Дегенмен кейбір көлік жүргізушілер көшеде тоңып тұрған қариялар мен қыз-келіншектерді үйлеріне тегін жеткізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893874-almaty-kapsagaj-tas-zolynda-zk-klikterini-katysuymen-zappaj-zol-apaty-boldy-foto/

pixel