Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жансақтау бөлімінен шықтым": Полициядан зәбір көрдім деген түркістандық жанайқайын айтты

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында "полицияның азаптауынан кейін жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтым" деген азаматтың видеосы ғаламторда тараған еді. Онда денесі мен мойын тұсы кесілген 30 жастағы ер адамның тәртіп сақшыларының қысымынан араша сұрағаны айтылады. Себепсіз ұрып-соқты деген Данияр Ибрагимов осы жағдайдан кейін өзін-өзі өлтірмек болғанын жеткізді. Алайда оқиғаға қатысты пікір білдірген полициядағылардың сөзі мүлдем басқа деп хабарлайды 31 арнасы.

Ер адам қазір аудандық ауруханада жатыр. Телеарна мәліметінше, ол таяуда жансақтау бөлімінен палатаға шыққан.

30 жастағы жетісайлық тұрғын бір жарым айда полициядан төрт рет қысым болғанын, соңғы рет тепкінің астында қалғанын айтады.

Даниярдың сөзінше, полиция ғимаратындағы төрт қызметкердің нақты екеуі ұрған.

"Көзіме тиді. Көзім көгерген. Қолдарым көгерген. Аяқтарымның барлығы көгерген. Арқамнан ұрған, бірақ көгермеген. Арқамның барлығы ауырып жатыр", - дейді шағымданушы азамат.

Данияр бұрын сотты болғанмын, әлі де полиция инспекторында есепте тұрғанын жеткізді.

Бірақ бұл олардың өзін басынуына себеп емес деп ашынып отыр. Оның сөзінше, өзінен бөлек інісін де полициядағылар соққыға жыға бастаған. Ыңырсыған даусын естідім дейді.

Жетісайлық тұрғын ызаға булығып тамырын кескенін де жасырмайды.

Ал Даниярдың шағымына пікір білдірген Түркістан облыстық полиция департаменті оның бұған дейін ұрлықпен, кейін адамға ауыр дене жарақатын салып, екі мәрте сотты болғанын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жолы бұзақылық жасап, құзырлы органға жеткізілген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, Данияр Жетісай ауданында бұзақылық жасап, қазіргі уақытта осы бойынша жауапқа тартылып жатыр.

Сонымен қатар полиция өкілі шағымданушының полиция қызметкерлеріне бағынбай, күш көрсеткені бейнежазбада жазылғанын атап өтті.

Осы кезде інісі көмекке келіп, қызмет бабындағы полицейлерді соққыға жыққан көрінеді.

Құзырлы орган Даниярдың інісі де тергеліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893902-zansaktau-bliminen-syktym-policiadan-zbir-krdim-degen-trkistandyk-zanajkajyn-ajtty/

pixel